«ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ: ДИАЛОГ. СЕНІМ. СЕРІКТЕСТІК» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТАҒЫ ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІ СПИКЕРЛЕРІНІҢ IV КЕҢЕСІ

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

(2019 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша)

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

2019 жылғы 23-24 қыркүйек

1. ӨТКІЗУ КҮНІ МЕН ОРНЫ

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деген тақырыптағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, Қазақстан.
Кеңес өтетін орын – Тәуелсіздік Сарайы (http://indepalace.kz/en/).
Қорытынды құжат дайындау жөніндегі редакциялық топтың отырыс өткізетін орны – «Rixos President Astana» қонақ үйі, «Жерұйық» залы (http://presidentastana.rixos.com/)

Делегациялардың келуі

-

2019 жылғы 22 қыркүйек

Мәдени бағдарлама

-

2019 жылғы 23 қыркүйек

Қорытынды құжат дайындау жөніндегі редакциялық топтың отырысы

-

2019 жылғы 23 қыркүйек

(күннің екінші жартысы)

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің

IV кеңесі

-

2019 жылғы 24 қыркүйек

Делегациялардың қайтуы

-

2019 жылғы 25 қыркүйек


Бағдарлама және басқа да материалдар Кеңестің ресми сайтында орналастырылған www.mseap4.kz

2. КЕҢЕСТІҢ РЕГЛАМЕНТІ

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі Кеңестің ашылуынан, 3 жалпы отырыстан, Кеңестің жабылуынан тұрады.
Сөз сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Делегация басшылары үшін негізгі үстелден бір орын көзделіп отыр, қалған делегация мүшелері отырғызу схемасына сәйкес залдағы жеке секторларға отырғызылады.

3. ТІЛ ЖӘНЕ АУДАРМА

Кеңестің жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады. Сондай-ақ ілеспе аударма мына тілдерде қамтамасыз етіледі: араб, испан, италия, қазақ, қытай, корей, неміс, орыс, түрік, француз, жапон.
Ілеспе аудармаға арналған кабиналар қатысушылардың өтінімдері бойынша «first come, first served» қағидаттарымен беріледі. Делегациялар өз аудармашыларының қатысуын қамтамасыз етулерін өтінеміз.
Делегациялар сөйлейтін сөздерінің мәтіндерін Хатшылыққа
2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін жіберулерін өтінеміз.

4. ТІРКЕУ

Кеңеске қатысушылар тіркеу нысандарын алдын ала толтырып, Хатшылыққа дипломатиялық арналар арқылы 2019 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей жіберулеріңізді өтінеміз.
Тіркеу нысандарын көшіріп алу үшін сілтеме: www.mseap4.kz

5. АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ, БЕЙДЖДЕР

Кеңеске қатысатындардың барлығына іс-шара кезінде сәйкестендіру белгілері мен бейдждерін тағып жүрулерін өтіне сұраймыз.

6. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Кеңеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәуелсіздік Сарайында интроскоптар (сөмкелерді, портфельдерді және басқа да қол жүктерін тексеру жөніндегі рентгендік қондырғылар) орнатылатын болады.

7. ВИЗАЛЫҚ РЕЖИМ

Кеңеске қатысатын барлық шетелдіктер Қазақстан Республикасының аумағына кіруі үшін өздерімен бірге қолданыстағы төлқұжаты және визасы (қажет болған жағдайда) болуы міндетті. Барлық қатысушыларды Қазақстанға кіру талаптарын алдын ала нақтылауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде визаларын ресімдеулерін өтінеміз.
Визалық режим туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің http://www.mfa.gov.kz/ru/ ресми сайтының «Визалар және консулдық сұрақтар» деген бөлімінде не мына сілтеме бойынша: http://mfa.gov.kz/en/content-view/vizovyj-rezhim-rk-s-drugimi-gosudarstvami танысуға болады.

8. КҮТІП АЛУ ЖӘНЕ ШЫҒАРЫП САЛУ

Кеңеске қатысушылардың барлығын Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің әрбір келушіге бекітілген қызметкерлері және еріктілер күтіп алып, шығарып салады.
Кеңеске қатысушыларды уақтылы күтіп алып, шығарып салуды қамтамасыз ету үшін делегацияларды келу/кету бағытындағы кез келген өзгерістер туралы Хатшылыққа мына электрондық пошта арқылы: mseap4@parlam.kz алдын ала (кемінде 24 сағат бұрын) хабарлауларын сұраймыз.

9. ТҰРУ

Кеңеске қатысушылар үшін мына қонақ үйлерде номерлер брондалған:

Astana Marriot Hotel
https://www.marriott.com/hotels/travel/tsemc-astana-marriott-hotel/

Beijing Palace Soluxe Hotel Astana
http://soluxe-astana.kz/en

Hilton Astana
https://www3.hilton.com/en/hotels/kazakhstan/hilton-astana-TSEKAHI/index.html?WT.mc_id=zVSEC0KZ1HI2NaturalSearch3GoogleMyBusiness4Luau_HiltonAstana_Jul5Luau6TSEKAHI7EN8i1

Rixos President Astana
http://presidentastana-ru.rixos.com/default.aspx

Radisson Hotel Astana
https://www.radissonblu.com/ru/hotels/kazakhstan/astana

The Ritz-Carlton Astana
http://www.ritzcarlton.com/ru/hotels/kazakhstan/astana

The St. Regis Astana
https://www.marriott.com/hotels/travel/tsexr-the-st-regis-astana/?scid=bb1a189a-fec3-4d19-a255-54ba596febe2

Қазақстандық тарап Нұр-Сұлтан қаласындағы аккредиттелген қонақ үйлерде 2019 жылғы 22 қыркүйек пен 25 қыркүйек кезеңінде, яғни төрт күн және үш түн кезеңінде орналастыруды ұсынады.
Парламент төрағасы бастаған делегация 1+4 нысанындағы қонақ үй нөмірлерімен қамтамасыз етіледі. Спикерлер орынбасарлары деңгейінде қатысатын делегацияларға 1+3 нысанындағы нөмірлер ұсынылады. Депутаттар деңгейінде қатысатын делегациялар 1+1 нысанындағы нөмірлермен қамтамасыз етіледі. Халықаралық және парламентаралық ұйымдардың басшыларын немесе өкілдерін орналастыру үшін 1 нөмірден көзделген.
Делегациялардың қалған мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы аккредиттелген конақ үйлерде өз есебінен орналастырылады.
Спикерлер мен спикерлердің орынбасарлары үшін өкілді нөмірлер, басқа делегаттарға стандартты нөмірлер ұсынылады.
Отелде ұзақ уақыт болу, нөмірдің санатын арттыру, мини-бардан алу, кір жуатын орынды пайдалану немесе нөмірлерге қызмет көрсету, сондай-ақ ұялы операторға телефон шалу немесе халықаралық телефон бойынша сөйлесу секілді қызметтер тұрып жатқан адамның өз есебінен жүргізіледі.
Қонақ үйлердегі барлық брондалған нөмірлер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құзыретінде болады және Кеңеске қатысушыларға тіркеу нысандарын ұсынуы бойынша беріледі.
Қабылдаушы тарап қонақ үйге орналастыруды көздемеген басқа делегаттарға Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген тиісті дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс істеу және Хатшылық арқылы резервтегі қонақ үйлерден нөмірлер брондау ұсынылады.
Тұру үшін мына электрондық поштаға жүгінулеріңізді сұраймыз: mseap4@parlam.kz

10. ТАМАҚТАНУ

Кеңеске қатысушылар үшін 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі басшылығының атынан ресми қабылдау мынадай нысанға сәйкес болады:

- спикер деңгейінде (1+4);
- вице-спикер деңгейінде (1+2);
- депутат деңгейінде (1+1);
- халықаралық және парламентаралық ұйымдар басшылары немесе өкілдері деңгейінде (1).
Сондай-ақ, Кеңеске қатысушылар үшін 24 қыркүйекте жоғарыда көрсетілген нысанға сәйкес фуршет қабылдау болады.



11. КӨЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Кеңеске қатысушылар үшін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы мен қонақ үй аралығында трансфер ұйымдастырылатын болады.
Қазақстандық тарап форумның мынадай санаттағы делегаттарын көлікпен қамтамасыз етеді:
- Спикер бастаған делегациялар үшін – 1 өкілді санаттағы автомобиль, күзет қызметі үшін 1 автомобиль және
1 микроавтобус;
- Вице-спикер бастаған делегациялар үшін – 1 өкілді санаттағы автомобиль + 1 микроавтобус;
- халықаралық ұйым өкілі бастаған делегациялар үшін – премиум санаттағы 1 автомобиль.
Егер делегацияларға қосымша көлік құралдары қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген тиісті дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс істеу және Хатшылыққа қосымша көлік құралдары туралы ақпарат жіберу ұсынылады (жүргізушінің Т.А.Ә., телефон нөмірі, автокөлік туралы ақпарат және т.б.).
Сонымен қатар іс-шаралар өткізілетін орынға жетуді қамтамасыз ету үшін 24 қыркүйекте тұрып жатқан жерден (тек аккредиттелген қонақ үйлерден) іс-шара өткізілетін орынға дейін автобус маршруттары
(shuttle bus) ұйымдастырылатын болады.

12. ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Кеңесті өткізу кезеңінде Тәуелсіздік Сарайында, сондай-ақ Astana Marriot Hotel, Beijing Palace Soluxe Hotel Astana, Hilton Astana, Rixos President Astana, Radisson Hotel Astana, The Ritz-Carlton Astana, The St. Regis Astana қонақ үйлерінде екіжақты кездесулер өткізу үшін залдар ұсынылатын болады.
Залды кездесулер кестесіне сәйкес Хатшылық ұсынады. Осыған байланысты залды брондау үшін өтінімді ертерек жіберулеріңізді сұраймыз.

13. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ШТАБЫ

Делегациялар тұрып жатқан орындарда, сондай-ақ Кеңес өткізу орнында тәулік бойы техникалық қолдау штабы жұмыс істейтін болады. Компьютерлерді, Интернетті, принтерлерді, көшіру машиналарын және сканерлерді пайдалануға мүмкіндік беріледі.

14. МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА

Кеңес өткізу кезеңінде, 23 қыркүйекте делегация мүшелері мәдени бағдарламаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндігі бар.
Қатысушыны тіркеу нысанын толтырған кезде өзіңіз барғыңыз келетін мәдениет объектісін көрсетуіңізді сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қаласындағы тамашалауға ұсынылатын мәдени объектілердің тізілімі:
1. «Нұр Әлем» көрме кешені;
2. «Астана-Бәйтерек» монументі;
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
4. Бейбітшілік және Келісім сарайы;
5. «Астана Опера» опера және балет театры

15. НАМАЗ ОҚУ БӨЛМЕСІ

Тәуелсіздік Сарайының 1 және 3-қабатында намаз оқу үшін бөлмелер көзделген (кіші және үлкен залдар).

16. АҚПАРАТТЫҚ ҮСТЕЛДЕР

Тәуелсіздік Сарайында, сондай-ақ делегация мүшелерінің тұрып жатқан жерлерінде ақпараттық үстелдер орналастырылатын болады, онда Кеңеске қатысушылардың барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.



17. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Делегация мүшелерінің болуы кезінде Кеңес өткізетін орында, сондай-ақ тұрып қонақ үйлерде медицина қызметкерлері кезекшілік ететін болады.

18. ВАЛЮТА

Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта қазақстандық теңге (KZT) болып табылады. Барлық қолма-қол операциялар тек ұлттық валютада жүргізіледі.
АҚШ долларының қазақстандық теңгеге шаққандағы құны 2019 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша 380,5 теңге болып отыр (ҚР Ұлттық Банкінің ресми сайтына сілтеме: https://nationalbank.kz/?switch=english).

Барлық қонақ үйлерде, ресторандарда, сауда орталықтарында Visa және Master Card халықаралық банк карталары кеңінен пайдаланылады. Сондай-ақ қонақ үйлерде валюта айырбастау пункттері жұмыс істейді, онда Кеңес мүшелері АҚШ долларын және Еуроны еркін ауыстыра алады.

19. ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ТЕМЕКІ ШЕГУ

Темекі шегуге тек арнайы бөлінген орындарда рұқсат беріледі.



20. БАҚ

Қорытынды құжат жөніндегі редакциялық топтың отырысынан басқа, Кеңестің барлық отырыстары бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдері үшін ашық.
Тәуелсіздік Сарайының екінші қабатында бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген өкілдері үшін Баспасөз орталығы орналасқан.
Кеңес жабылғаннан кейін ұйымдастырушылардың (Қазақстан, Ресей, Корея) және V форумды өткізуші елдердің қатысуымен баспасөз конференциясы болады.



21. ЛИАЗОН ОФИЦЕРЛЕР МЕН ЕРІКТІЛЕР

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жұмыс істейтін қызметкері лиазон офицер болып табылады, олар Кеңесті өткізу кезеңінде делегация мүшелеріне бекітіледі.
Халықаралық және парламент аралық ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, барлық делегацияларға сондай-ақ еріктілер бекітілетін болады.

22. КЕҢЕС ХАТШЫЛЫҒЫ

Кеңеске қатысты барлық қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:
Телефон: +77172746385; +77172746287
Веб сайт: www.mseap4.kz
Электрондық адрес: mseap4@parlam.kz

23. БАСҚА АҚПАРАТ

Сағат белдеуі: GMT +6
Электр: 220 вольт, 50 Гц, вилки (тип С, Е, F)
Телефон: +7 (ел коды); 7172 (Нұр-Сұлтан қаласының коды)