«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылды және оның ашылуы астананың елу жылдығына орайластырылған. 2013 жылы 21 маусымда «Астана Опера» театры ұлы қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бірінші театр маусымын салтанатты түрде ашты. 2013 жылы күзде әлемге есігін Джузеппе Вердидің «Аттила» өлмес операсы қойылымымен ашқан «Астана Опрера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті.

5

Ол техникалық және көркемөнер жетістіктерінің бірқатарын байланыстырған ғажайып кешен ретінде жобаланған және Миландағы «Ла Скала», Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера» сияқты әлемдік деңгейдегі әйгілі және айтулы опера және концерт залдарының қатарына толық заң бойынша енген. Оны тұрғызу үшін тек қазақ шеберлері ғана емес, Швейцария, Италия, Албания, Ресей, Марокко елдерінің мамандары да еңбек еткен. Тұтас алғанда жоба эллинизм, маньеризм, барокко сарындарына ерекше көңіл бөлініп классикалық мәнерде жасалған. Жарықтандыру мен ложалар ярусының, бес балконның түстік гаммасы алтын түстес болып құбылып тұрған доминанттық кәріптас түсті реңкімен көрермендердің назарын жалықтырмай, сахнаға бөгет жасамай, жылулық пен жайлылық сыйлайды. «Астана Опера» театры өзіндік бірегей дыбыстық сипаттамаларымен мақтана алады. Акустикасын жасауда еңбек еткен Италия мен Германиядан келген жетекші мамандар. Театрға кіретін басты есіктің алдындағы діңмаңдайшаны мүсіншілер Мұрат Амангелдіұлы Мансұров пен Тоқтар Тишқұлұлы Ермековтың «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» мүсіндік композициялары безендіріп тұр. Театрың төбесіне орнатылған квадриго сақ патшайымы Томиристің бейнесінде, авторы Қанат Нұрбатұров.

Театрға биіктігі 24 метр болатын 24 баған сән беріп тұр. Театрдың ерекше мақтанышы – көрермендер залының орасан зор кеңдігі.  Авансахнасы, оркестр ойығы, партер және түрлі ярустары бар басты көрермендер залы театр ансамблінің өзегі, оның физикалық және рухани ортасы болып табылады. Ол ұлттық нақышта безендірілген және 1250 адамға арналған орындары бар. Айрықша көгілдір ақық тастармен әшекейленген, алтын жалатылған ұлттық қазақи оюлармен безендірілген балкондары дөңес пішінді. Креслолары мен айналары, жапсырылып безендірілген сәндік әшекейлері, дыбыстық дірілді қайтаратынның немесе жұтатынның бәрі жақсылап ойластырылған. Креслолардың көлбеу бұрышы және бұрылуы да ескерілген. Көп функциялы камералы зал 250 адамды жайғастыра алады. Ол камералық музыка концерттеріне, хормен өлең айтуға, драмалық спектакльдерге, ақындық декламацияларға және фильмдер көрсету арқылы конференция өткізуге арналған.

Театрда Весбаденнің сахналық-техикалық мектебінің философиясы нақтылы түрде көрсетілген. Ол орталық сахнаның жанына екі жан қалтаның және техникалық бос аралықтармен жалғасқан арьер сахналардың орнатылуын ескереді. Оркестрге арналған бөлмелер оркестр ойығының айналасына орналастырылған. Музыканттарға 8 қосымша кішігірім репетиция бөлмелері арналған. Хорға арналған үлкен репетициялық зал 100 адамға ескеріліп жасалған және сахнамен, сатылармен және лифттермен біріктірілген, бұл костюмдарды ауыстыруға жұмсалатын уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Балет труппасына ауданы сахнаның ауданымен бірдей репетициялық зал арналған. Театрда декорацияларды жасайтын шеберханалар және ағаш ұсталарының, теміршілердің, мүсіншілердің, суретшілердің, қаптаушылардың және сылақшылардың жұмыс істеуіне арналған цехтар бар.