«Нұр Алем» сферасы, «Болашақ энергиясы» мұражайы

«Нұр әлем» сферасы Астана қаласы Мәңгілік даңғылында орналасқан және Нұр-Сұлтан қаласында сәтті өткен EXPO-2017 Халықаралық көрменің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі болып табылады.

Бұл диаметрі 80 метр болатын шар тәріздес бірегей ғимарат, оның жоғарғы жағында екі шусыз жел генераторлары орнатылған.

«Нұр Әлем» - Қазақстандағы тұңғыш болашақ энергияның технологиялық мұражайы және 8 қабатты қамтиды. Әр қабатта өз эксклюзивті концепсиясы бар «Болашақ Астана», «Ғарыш энергиясы», «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Биомасса энергиясы», «Кинетикалық энергия», «Су энергиясы» және «Ұлттық павильон» ғимаратта орналасқан.

«Нұр Әлем» павильоны «ЭКСПО-2017» ашылғанға дейін кең танымал болды. Ерекше архитектуралық шешімдердің нәтижесінде нысан әлеуметтік желілерде танымал болып және бүкіл Қазақстан мен әлемнің мыңдаған адамдарын сүйсіндірген нышан болды. Бұл қызығушылықтың арқасында ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде сфера ең көп кіретін павильонға айналды.

«Нұр Әлем» Қазақстанның жаңа нышанына айналды және болашақтың нақты мұражайы болып саналады.

Жұмыс режимі: Дүйсенбі - техникалық күн;

                             Сейсенбі – жұма күндері -сағат 10:00 - 20:00;

                             Сенбі, жексенбі және мереке күндері – сағат 10:00 - 21:00.