КІРІСПЕ

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтанда 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте өтеді.

Тақырыбы: «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік».

«Еуразиялық экономикалық одақты, Жібек жолының Экономикалық белдеуін және Еуропалық одақты XXI ғасырдың бірыңғай интеграциялық жобасына біріктіретін Үлкен Еуразия идеясының айналасына шоғырланатын уақыт жетті» деп атап өтті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында.

IV Кеңеске қатысушыларға Еуразиялық кеңістікті тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің ортақ көзқарастары мен жолдарын талқылау және пысықтау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Ресей Федерациясы Федеральдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы және Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы парламентаралық форумды бірлесіп ұйымдастырушылар ретінде шықты.

Алдыңғы өткен форумдар:

map-kaz