Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы Тәуелсiздiк даңғылы бойында, елдiң бас алаңында - Тәуелсіздік алаңында орналасқан.

Мұражай ғимараты Тәуелсіздік алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесін тапқан.

1

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы - Орталық Азиядағы ең ірі және жас мұражай болып табылады. Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тапсырмасы бойынша құрылды. Оның салтанатты ашылуы 2014 жылдың 2 шілдесінде өтті. 

Ұлттық мұражайдың ғимараты– Нұр-Сұлтан қаласының ең жарқын көрікті орны ерекше формасы мен керемет сәулеттілігімен алыстан көз тартады.  Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. 

Мұражай өзінің ең үздік әлемдік стандарттар бойынша техникалық жабдықталуымен таң қалдырады. экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары: екі залға жұмыс істейтін арнайы контенті бар бірегей иілген экран, медиа еден, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының орталық бөлігінің серпінді макеті, толып жатқан медиаэкрандар, голограммалар, диодты жарық LED-техника, сенсорлық дүңгіршектер, үш тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады.

2

Ұлттық қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайдың баға жетпес қоры. 

Барлық экспонаттар жалпы аумағы 14 000м2 болатын 11 көрме залында орнатылған. Олар: «Астана», «Тәуелсіз Қазақстан», «Алтын», «Ежелгі және орта ғасыр тарихы», «Тарих», «Этнография», «Қазіргі заманғы өнер» залдары. 

Мұражайда балалар көрмесі, балалар шығармашылық орталығына арнайы орындар қарастырылған, екі көрме залы, қалпына келтіру шеберханалары, зертханалар, кәсіби қор сақтауға, оқу залы, конференц-зал, кәдесыйларға арналған кабиналар үшін бөлек бөлмелер бар.

Жұмыс уақыты: сағат 10: 00-ден 18: 00-ге дейін, дүйсенбі күні - демалыс.