22.04.2019
Еуропа мен Азия елдерінің Парламент өкілдері қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында спикерлердің төртінші Кеңесіне жиналады

22 сәуір. 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші Кеңесі өтеді.

Парламенттік форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.

Еуропа мен Азиядан келген Парламент өкілдері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты даму жолдарын талқылайды.

Ұлттық парламент және халықаралық ұйымдардың өкілдерінің басты назары континент мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін парламентшілерді үйлестіру мәселелері, XXI ғасырдың ең ірі интеграциялық экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағыттайды.

Жиналысқа қатысушылар заң шығару тәжірибесімен бөлісіп, парламентаралық ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді сипатын нығайту үшін келешек бағыттарды айқындай алады.