Нұр-Сұлтан, 24 қыркүйек. Бүгін Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі өтті.

Оған 65 елдің делегациялары, оның ішінде, 41 парламент спикерлері және 14 халықаралық және парламентаралық ұйым басшылары қатысты.

Нұр-Сұлтан, 23 қыркүйек. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы   Мун Хи Санмен алдағы форум жайын әңгімеледі.

Н. Нығматулин атап өткендей, бұл форум Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығымен сәйкес келді. Мұндай ауқымды әрі беделді парламенттік форум Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды. 

Нұр-Сұлтан, 23 қыркүйек. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин қыркүйектің 24-жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген бірқатар әріптестерімен кездесті.

Тараптармен мемлекетаралық, сондай-ақ, екіжақты қатынасты дамытудың маңызды сұрақтарын талқыланды.

Нұр-Сұлтан, 23 қыркүйек. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы келген Беларусь Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Владимир Андрейченкомен кездесті.

Мәжіліс Төрағасы өз алғысын жеткізе отырып, Беларусь – Қазақстанның маңызды саяси және сауда-экономикалық әріптесі екенін, ал, қазақстандық-беларустық, соның ішінде, парламентаралық деңгейде қарым-қатынас жүйелі әрі нәтижелі ынтымақтастықтың үлгісі екенін айтты.

Нұр-Сұлтан, 23  қыркүйек. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп бастаған делегация өкілдерімен кездесті.  

Бұл кездесу екіжақты, соның ішінде, парламентаралық іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылаудың ерекше мүмкіндігі.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Түркия Қазақстан үшін тарихы, мәдениеті, рухани құндылықтары ортақ бауырлас мемлекет болумен қатар, стратегиялық әріптес ел.

Нұр-Сұлтан, 23  қыркүйек.  Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин екіжақты қарым-қатынас тарихында Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа Парламентінің Төрағасы Хенг Самринмен кездесті.

Мәртебелі мейман біздің елімізге «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы делегацияны бастап келді.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Камбоджа арасында парламентаралық байланыстың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Нұр-Сұлтан, 23  қыркүйек, Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин мен  Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Владимир Володин парламентаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ,  ертең Нұр-Сұлтанда басталатын Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.  

Нұр-Сұлтан, 23  қыркүйек.  Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Андрей Данкомен кездесіп, мемлекетаралық, соның ішінде, парламентаралық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылады.  

Мәжіліс Төрағасын мейманға Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы келгеніне алғыс білдіріп, бұл Словак мемлекетінің жан-жақты әріптестікті тереңдетуге деген  ынтасының көрсеткіші екенін айтты.

Нұр-Сұлтан, 22 қыркүйек. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Иордания Хашимит Корольдігі Халық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Атеф Аль-Тараунмен кездесті. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі екенін алға тарта келіп, мемлекетаралық қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті.

Нұр-Сұлтан, 22 қыркүйек.  Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин қыркүйектің 24-жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында басталадын Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Молдова Республикасы Парламентінің төрайымы Зинаида Гречаный бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар екіжақты, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Н. Нығматулиннің айтуынша, елдеріміз арасында саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді.