Мәдени бағдарлама

Ұлттық мұражайы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы Тәуелсiздiк даңғылы бойында, елдiң бас алаңында - Тәуелсіздік алаңында орналасқан.

Мұражай ғимараты Тәуелсіздік алаңы маңындағы «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік сарайымен, Бейбітшілік және Келісім сарайымен, «Хазірет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен үйлесін тапқан.

Астана Бәйтерек
Астана Бәйтерек

Нұр-Сұлтан қаласының визит карточкасы саналатын архитектуралық бойтұмар – «Астана-Бәйтерек» кешені. Бұл терең философиялық, саяси және тарихи мәні бар ескерткіш үймерет. «Бәйтеректің» мифологиялық-эпостық нұсқасы бірлік пен бейбітшілікте және ұлттық дәстүрлерді сақтап өмір сүруге тырысқан қазақтардың арман-мұраттарын бейнелейді. Көк төбе тауының шыңында өмір ағашы Бәйтерек өсіп тұр, тау жиегінде шексіз-шетсіз мұхит жатыр.

«Нұр Алем» сферасы, «Болашақ энергиясы» мұражайы
«Нұр Алем» сферасы, «Болашақ энергиясы» мұражайы

«Нұр әлем» сферасы Астана қаласы Мәңгілік даңғылында орналасқан және Нұр-Сұлтан қаласында сәтті өткен EXPO-2017 Халықаралық көрменің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі болып табылады. Бұл диаметрі 80 метр болатын шар тәріздес бірегей ғимарат, оның жоғарғы жағында екі шусыз жел генераторлары орнатылған.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры»
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры»

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылды және оның ашылуы астананың елу жылдығына орайластырылған. 2013 жылы 21 маусымда «Астана Опера» театры ұлы қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бірінші театр маусымын салтанатты түрде ашты. 2013 жылы күзде әлемге есігін Джузеппе Вердидің «Аттила» өлмес операсы қойылымымен ашқан «Астана Опрера» театрының әлемдік тұсаукесері өтті...

Бейбітшілік және келісім сарайы
Бейбітшілік және келісім сарайы

Бейбітшілік пен келісім сарайы Тәуелсiздiк даңғылы бойында орналасқан. Ол 2006 жылы ашылды. Жобаның авторы - әлемдегі көптеген керемет нысандарды жасаған, әлемге әйгілі британдық сәулетші Норман Фостер. Бейбітшілік және Келісім сарайы Нұр-Сұлтан қаласының негізгі визит карточкаларының бірі болып табылады және қазақстандықтардың бірлігін айшықтайтын нағыз символына айналды. Оның құрылыс идеясы ҚР перзиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі, ол осы нысанды «Бейбітшілік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін» өткізу үшін арнайы салу туралы ұсыныс жасады...